Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларға вакцина салуды мақұлдады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларға вакцина салуды мақұлдады

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы 12 жастан асқан балаларға  ерікті түрде салуға рұқсат беріле бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Шешім жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген Pfizer вакцинасының 12-15 жастағы балаларға клиникалық зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген. Тиісті ұсынысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) берді.

Осылайша, Өзбекстанның бас санитария дәрігері мен Ұлттық техникалық және иммунологиялық сараптама комиссиясының шешімімен 12 жастан асқан балаларға ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен Pfizer вакцинасын салуға болады.

Қыркүйек айының ортасында Өзбекстанға АҚШ-тан 1,214 миллион дана Pfizer/BioNTech вакцинасы жеткізілді.

Мамыр айының соңында Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған Pfizer/BioNTech вакцинасын салуды мақұлдады.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қазанда келетінін, оны тек балалар мен жүкті әйелдер салдыра алатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын басқа санаттағы адамдар күтпегені дұрыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети