Өзбекстан табиғи газ экспортын тоқтатты. Мұндай шешімді Энергетика министрлігі қабылдаған. Көрші ел Орталық Азия мемлекеттеріне, соның ішінде Қазақстанға да табиғи газ жеткізетін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Өзбекстан табиғи газ экспортын тоқтатты. Мұндай шешімді Энергетика министрлігі қабылдаған. Көрші ел Орталық Азия мемлекеттеріне, соның ішінде Қазақстанға да табиғи газ жеткізетін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Өзбекстанда көліктердің басым бөлігі көгілдір отынмен жүреді. Ел Орталық Азияда газ қоры бойынша үшінші орында тұр. Түрікменстан мен Қазақстаннан кейін. Көрші республикалар бір-бірін қажетті энергия ресурстарымен қамтамасыз етеді. Бірақ биылдан бастап жағдай өзгереді, делінген сюжетте.
"Өзбекстан үкіметі газ экспортын шектеу жөнінде шешім қабылдады. Оның орнына ішкі нарықта кәсіпорындар қуатын арттыру үшін қолданылады. Шикі күйінде емес, сол арқылы дайын өнімдер жасап, сырт елдерге тасымалдаймыз", - деді Өзбекстанның Энергетика министрлігі басқармасының басшысы Жамал Хұсанжанова.
Саладағы бұған дейін қабылданған шешімдер де күшін жоюы мүмкін. Мәселен, қолданыстағы келісім бойынша Өзбекстан алдағы бірнеше жыл бойы көршілес Қытайға көгілдір отын жеткізуге міндетті. Енді бұл құжаттың келешегі күмән тудырып тұр.
"Қазақстанмен ғасырлар бойы қалыптасқан байланыс бар. Біз бір-бірімізге транзит саласында көмектесеміз. Мәселен, Қазақстанның солтүстігінде өндірілген газды оңтүстік аймақтарға біздегі магистральді құбырлар арқылы жеткізіп береміз. Инфрақұрылым кеңес үкіметі кезінен бар. Соны сақтап қалғанбыз", - деді Жамал Хұсанжанова.
2020 жылы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов ел ішінде қайта өңдеуге толығымен көшу және қосылған құны жоғары өнім шығаруды жолға қою үшін 2025 жылға қарай газ экспортын тоқтату жоспарлары туралы мәлімдеді. Елдердегі жағдай жалпы ұқсас. Нарықта электр энергиясының тапшылығы сезіледі. Бұл мәселені шешу үшін Өзбекстан елдегі алғашқы атом электр станциясы құрылысын бастады. Оны іске қосу 2028 жылға жоспарланған. Болжам бойынша, АЭС елдегі барлық электр энергиясының 15-30 пайызын өндіреді.
"Атом электр станция салынатын орын белгілі. Ол - Жызақ облысы. Сондағы Тасқан көлінің маңайында бой көтереді. Станцияда жақында Беларусь мемлекетінде іске қосылған реакторлар қойылады. Құрылыс биыл басталуы мүмкін", - деді экономист Бақтиёр Эргашев.
Атом электр станциясын салу мәселесінде соңғы нүкте әлі қойылған жоқ, дейді сарапшылар. Тым көп қауіп бар. Осыған қарамастан, Өзбекстан экспорт позицияларын қысқарту есебінен болса да, табиғи газ жетіспеушілігі мәселесін шеше алды. Өзбекстан Қазақстанға көгілдір отынның аз көлемін жеткізді. Сарапшылар пікірінше, қазақстандық газ компаниялары оны өтей алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!