Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханада жатыр. Бұл туралы Өзбекстан Үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды Русская служба Би-би-си.
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханада жатыр. Бұл туралы Өзбекстан Үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды Русская служба Би-би-си.
"Мамандардың айтуынша, толық медициналық тексеріс пен ем алу үшін біраз уақыт керек", - делінген министрлер кабинетінің хабарламасында.
Алайда ресми дереккөздер Өзбекстан президентіне неліктен медициналық көмектің қажет болғаны жайлы нақтыламады.
Русская служба Би-би-си басылымының мәліметінше, Өзбекстанда әдетте Ислам Кәрімовтің денсаулығы жайлы ешқандай мәлімет таратылмайтын. Осы уақытқа дейін Өзбекстан президентінің денсаулығы жайлы тек шетелдік ақпарат құралдары мәлімдеген еді.