Өзбекстан Ресейден Ислам Кәрімовтің еміне көмек сұраған жоқ - РФ вице-премьері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан Ресейден Ислам Кәрімовтің еміне көмек сұраған жоқ - РФ вице-премьері © Reuters

Ташкент ресми түрде Мәскеуден Өзбекстан Президентін емдеуге көмек сұраған жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы сәрсенбі күні РФ вице-премьері Ольга Голодец мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ташкент ресми түрде Мәскеуден Өзбекстан Президентін емдеуге көмек сұраған жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы сәрсенбі күні РФ вице-премьері Ольга Голодец мәлімдеді. 

Голодецтың айтуынша, Өзбекстанмен екі жақты көмек көрсету келісілген. "Күрделі технологиялық ота жасау керек болса біз әрдайым көмек береміз. Алайда бізге ресми түрде өтініш келген жоқ", - деді вице-премьер. 

Ресми мәліметке сәйкес, Кәрімов стационар емделуден өтіп жатыр. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева Facebook желісінде әкесінің миына қан кеткенін айтқан.

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын. Ал оның алдында Өзбекстан президентінің қайтыс болғаны туралы қауесеттер тараған еді. Алайда бұл мәлімет ресми түрде нақтыланбады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети