Өзбекстан Унгор-Тепа ​​тауын Қырғызстанға береді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан Унгор-Тепа ​​тауын Қырғызстанға береді

Өзбекстан Унгор-Тепа тауын Қырғызстанға беруге келісті. Бұл туралы Олий Мажлис заң шығару палатасының отырысында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Repost.uz сайтына сілтеме жасап.

Унгор-Тепа тауы Ферғана алқабындағы ең биік нүктелердің бірі саналады және Наманган облысына жақын жерде орналасқан. Онда Өзбекстан мен Қырғызстанның радио және телевизия антенналары қойылған.

Арипов тау басына Өзбекстан жағынан шығу мүмкін емес, жол тек қырғыз тарапында бар екенін атап өтті. Осыған байланысты ымыраға келу ұсынылған.

"Біз оларға жерді белгілеуге мүмкіндік жасаймыз, бірақ олар бізге тауға шығып-түсетіндей жағдай жасауы керек. Осындай келісім бар", - деді Өзбекстан премьер-министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети