30 наурыз 2020 09:50

Өзбекстанда 5 күнде 10 мың адамға арналған карантин орталығы салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның Тәшкент облысында жедел түрде COVID-19 алдын алу үшін 10 мың орындық карантин орталығы салынды, - деп хабарлайды Газета.uz елдің Құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 


Өзбекстанның Тәшкент облысында жедел түрде COVID-19 алдын алу үшін 10 мың орындық карантин орталығы салынды, - деп хабарлайды Газета.uz елдің Құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 

Орталық жұмысын бастап, 650 адамды - Мәскеу мен Дубайдан чартер рейсі арқылы келген өзбек азаматтарын қабылдаған. 

55 гектар аумақты бес күнде салу жоспарланған. Нысан ретінде контейнерлер қолданылған. Олар үш адамға арналған. Әр нысанда кондиционер, санитарлық торап, душ пен теледидар қойылған. 

29 наурыздағы жағдай бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 144 адам тіркелген. Бір науқас қайтыс болған, вирусты жұқтырған алғашқы жеті адам сауығып кетті. 

Өзбекстанда маскасыз жүруге тыйым салынды

Өзбекстанда 16 наурыз бен 30 сәуір аралығында халықаралық және ішкі көлік қатынасы тоқтатылған. Сондай-ақ, 30 наурыз бен 20 сәуір аралығында елдегі әуе қатынасы да тоқтатылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети