Өзбекстанда әскери тікұшақ құлады: 9 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-171 тікұшағы Ферғана облысында әуе апатына ұшыраған. Тікұшақтың бортында болған экипаждың үш мүшесі мен Өзбекстанның Қарулы күштерінің алты адамы қаза тапқан. Қайғылы оқиға 18 қазанда жоспарлық ұшу кезінде болған, - деп хабарлайды UzDaily.uzсо басылымы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әуе апатының себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Өзбекстан басшылығы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ми-171 тікұшағы - ресейлік тасымалдаушы тікұшақ. Оның 26 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндігі бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети