25 желтоқсан 2019 17:54

Өзбекстанда дәрігерлер 277 адамға құрылыс гипсін салып берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда дәрігерлер медициналық гипстің орнына құрылыс гипсін пайдаланған, - деп хабарлайды kun.uz


Өзбекстанда дәрігерлер медициналық гипстің орнына құрылыс гипсін пайдаланған, - деп хабарлайды kun.uz

"Барлығы медицинада гипсті сүйек сынғанда немесе басқа да жағдайларда қолданатынын біледі. Тексеріс барысында соңғы екі жылда дәрігерлердің медициналық гипстің орнына құрылыс гипсін пайдаланып келген 277 жағдай анықталды. Барлығы 351 тонна гипс пайдаланылған", - дейді Өзбекстанның бас прокуроры Нигматилла Юлдашев. 

Оның айтуынша, Ташкентте дәрігерлер 48 тонна құрылыс гипсін, Самарқанда 43 тонна, Наманғанда 36 тонна, Ташкент облысында 35 тонна, ал Ферғанада 30 тонна құрылыс гипсін пайдаланған.

"Құрылыс гипсі адам терісі мен сүйегіне кері әсерін тигізеді. Аллергия шығуы мүмкін. Дәрігерлер оны жақсы біледі", - дейді Юлдашев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети