23 шілде 2019 12:58

Өзбекстанда кәсіпкер дүкенін сүрмекші болған шенеунікті өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Norma.uz Norma.uz

Өзбекстанның Қашқадыр облысы Яккабақ ауданында кәсіпкер екі қабатты дүкені мен цехын сүрмекші болған хокимнің (әкімнің) орынбасарына бензин шашып, өртеп жіберерген, - деп хабарлайды Орталықазиялық жаңалықтар қызметі. 


Өзбекстанның Қашқадыр облысы Яккабақ ауданында кәсіпкер екі қабатты дүкені мен цехын сүрмекші болған хокимнің (әкімнің) орынбасарына бензин шашып, өртеп жіберерген, - деп хабарлайды Орталықазиялық жаңалықтар қызметі. 

Оқиға 20 шілдеде жүздеген куәгердің көз алдында болған. 

Яккабақ ауданының хокимнің құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары Мансур Туймаев, ожиырмаға жуық Ішкі істер органының қызметкерімен бірге келген. Бульдозер жүргізушісі ғимаратты бұзу туралы бұйрықты орындамаған соң, ғимаратты қирату үшін оталып тұрған бульдозерге өзі мінген.

Дүкенді бұзбауды өтінген кәсіпкер оған әлі ақшалай өтемақы төлемегенін айтып, оның өтінішін назарға алмағанын көріп, бензин Туймаевты үстіне бензин шашып, оны өртеп жіберген. Айналадағылар өртенген хоким орынбасарын құтқарып қалды, шенеунік ауруханаға жеткізілді.

Осылайша наразылық білдірген бизнесмен тұтқындалды, ал оның ұлы мен әйелі милиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Дүкен иесі оның банктегі үлкен несиесі бар екенін және ол ақшалай өтемақы алғанға дейін дүкенді бұзбайтынын айтты. Туймаев осыған ашуланып, дүкенді бұзу үшін бульдозерге мінді. Дүкен иесі оның бульдозерден түсуін өтінген әйтпесе ол оны өртеп жіберетінін айтқан. Бірақ орынбасар оны елемей көлікті жүргізбекші болған. Дүкен иесі оны көріп, Туймаевқа бензин шашып, сіріңке тұтатып, шенеуніктің үстіне лақтырған. Бір сәтте бульдозер кабинасынан өрт шықты, адамдар өртенген хоким орынбасарын құтқарып алды. Содан кейін оны ауруханаға жеткізді", - деді куәгерлердің бірі.

Басқа сұхбаттасушы аудан басшысының орынбасары Мансур Түймаевтың бірнеше ай бойы Якқабақ ауданының тұрғындарын үй-жайларынан және дүкендерінен шығарып, ғимараттарын қиратқан соң жергілікті тұрғындарынің төзімі біткенін айтады. 

"Біздің көшелеріміз сүрілетін болды. Осы аудандағы үйлер мен дүкендер бұзылды. Бұл туралы ауызша ескерту сәуір айында жасалды. Бірақ олар заңда көзделген ережелерді елемеді және ешқандай өтемақы төлемейтіндерін де айтты. Бұл Туймаев аудан тұрғындарына басқа амал қалдырмады. Сенбі күні ол өзгерге экскаватормен келіп жүргізушіге жұмыс істеп тұрған жаңа екі қабатты дүкенді қиратуға бұйрық берді. Дүкенде барлық тауарлар тұрды, ал екінші қабатта тігін шеберханасында адамдар жұмыс істеді. Мұны көрген Бахриддин-ака, дүкен иесі ескерту жасады. Бірақ хоким орынбасары өзі бульдозерді жүргізіп, дүкенді бұзатынын жеткізді. Бахриддин ака бензинмен екі литрлік баклажканы алып, оны Туймаевке шашты. Содан кейін ол сіріңке тұтатып, оған лақтырды. Туймаев өртенді. Адамдар оны бульдозерден алып шығып, отты сөндіре бастады, ал Бахриддинді милицияны ұстады", - деді тікелей куәлардың бірі.

Якқабақ ауданының билігі, ішкі істер және прокуратура органдарының қызметкерлері оқиға 20 шілдеде болғанын растады. Аудандық прокуратура қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүргізіліп жатыр екен. 

Жергілікті милиция бөлімшесінің қызметкері Мансур Түймаевтың суретін ауруханадан жіберген. Жергілікті шенеуніктің айтуынша, шенеунікті өртеп жіберген бизнесмен тұтқындалды, ал оның ұлы мен әйелі милицияға жеткізілді. Аудан тұрғындары 20 шілдеде болған оқиғадан кейін үйлер мен дүкендерді милиция қызметкерлері бұзып жатқанын айтады. 

Билікке Шавкат Мирзиеевтің келуімен Өзбекстан алып құрылыс алаңына айналды. Елде мыңдаған тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандары бұзылып жатыр. Көп жағдайда тұрғындар мен кәсіпкерлер, олардың мүлкі үшін тең құнды өтемақы төлемей, заңға қайшы келеді.

Хьюман Райтс Вотч Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердловтың айтуынша, жаңа ғимараттардың құрылысы Мирзиеевтің басқару дәуіріндегі адам құқықтарының өрескел және жаппай бұзылуына себеп болғанын айтады. 

Әлеуметтік желі белсенділерінің тобы бұл процесті Өзбекстанда арнайы құрылған "гуманитарлық апат" деп атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети