1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Өзбекстанда құртты таптаған әйел жұрттың ашуына тиді 04 наурыз 2021, 09:20

Өзбекстандық әлеуметтік желілерде Самарқанд облысында әйел адамның құртқа арналған қоспаны аяқпен дайындап жатқаны туралы видео тарады, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© STV © STV

Өзбекстандық әлеуметтік желілерде Самарқанд облысында әйел адамның құртқа арналған қоспаны аяқпен дайындап жатқаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Podrobno.uz және Xabar.uz.

Видеоны STV самарқандтық телеарнасы көрсетті. Кадрларда құрт жасауға арналған сүзмені аяғымен таптап жатқаны көрсетілген.

Тағы бір видеода бір топ адам құртты антисанитария жағдайында, жерде дайындап жатқаны көрсетілген. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Видео TikTok-та тарағаннан кейін бірнеше күннен соң Sevimli телеарнасы оқиға орнына барып, репортаж түсірген. Оқиға Самарқанд облысы, Іштіхан ауданында болған. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының қызметкерлері норма сақталмаған жағдайда дайындалған құрттың барлық партиясын жойды.

Ал видеодағы әйел жақында босанғандықтан құртты қолмен дайындайтын жағдайы болмағанын айтқан. Күйеуі үйде болмаған, сондықтан құртты аяқпен дайындауға тура келген.

Құрт дайындау процесін көрші әйел видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Видео авторы ешқандай жаман ойы болмағанын, ал видеоға бұрын ондай нәрсені көрмегендіктен түсіргенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!