Өзбекстанда Олимпиада жеңімпаздарына қандай көлік беріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Видеодан алынған

Өзбекстанда жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне дайындық жүріп жатыр. UzNews өзбек спортшыларына қандай көлік сыйға тартылатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстанда жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне дайындық жүріп жатыр. UzNews өзбек спортшыларына қандай көлік сыйға тартылатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, 2020 жылғы Олимпиада чемпиондарына Chevrolet Tahoe автокөліктері, ал қола жүлдегерлеріне Trailblazer көлігі дайындалған.

Президент қаулысына сәйкес Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйақы алады:

Реклама
Реклама
  • алтын медаль үшін 200 мың доллар;
  • "күміс" үшін 100 мың доллар;
  • "қола" үшін 50 мың доллар.

Токио Олимпиадасында Өзбекстан үш "алтын" және екі "қола" жеңіп алып, медальдар есебінде 32-орынға тұрақтады. Қазақстан 8 қола медаль алып, медальдар есебінде 83-ші болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға Toyota Camry жаңа көлігі берілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, автокөлік Елдос Сметовқа сыйға тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама