1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Өзбекстанда Олимпиада жеңімпаздарына қандай көлік беріледі? 09 тамыз 2021, 17:00

Өзбекстанда жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне дайындық жүріп жатыр. UzNews өзбек спортшыларына қандай көлік
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған Видеодан алынған

Өзбекстанда жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне дайындық жүріп жатыр. UzNews өзбек спортшыларына қандай көлік сыйға тартылатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, 2020 жылғы Олимпиада чемпиондарына Chevrolet Tahoe автокөліктері, ал қола жүлдегерлеріне Trailblazer көлігі дайындалған.

Президент қаулысына сәйкес Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйақы алады:

  • алтын медаль үшін 200 мың доллар;
  • "күміс" үшін 100 мың доллар;
  • "қола" үшін 50 мың доллар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UzNews (@uznews)

Токио Олимпиадасында Өзбекстан үш "алтын" және екі "қола" жеңіп алып, медальдар есебінде 32-орынға тұрақтады. Қазақстан 8 қола медаль алып, медальдар есебінде 83-ші болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға Toyota Camry жаңа көлігі берілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, автокөлік Елдос Сметовқа сыйға тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram