26 маусым 2022 11:41

Өзбекстанда президент мерзімін ұзарту және өлім жазасын алып тастау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан өз конституциясын жаңартуға дайындалып жатыр, оған өлім жазасын алып тастау және президент өкілеттігін ұзарту туралы баптарды енгізу ұсынылды. Республика конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын парламенттік "Народное слово" газеті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзбекстан Республикасында өлім жазасына тыйым салынған", - делінген жоба мәтінінде. Өзбекстан конституциясының 24-бабында өмір сүру әр адамның ажырамас құқығы екені және ол заң жүзінде қорғалатыны жазылған.

Сонымен қатар, Өзбекстан президентінің мерзімін 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды.

"90-баптың екінші бөлігіндегі "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын", - делінген құжат мәтінінде. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес Өзбекстан президентін ел тұрғындары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Сондай-ақ елдің негізгі заңына құқық қорғау органдарының тұрғындарды қамауда ұстау мерзімін 48 сағатпен шектеу туралы тармақ енгізу ұсынылып отыр. Тағы бір тармаққа сәйкес, "ұстау кезінде адамға оның құқықтары мен қамауға алу негіздерін түсінікті тілде айтылуы қажет".

4 шілдеге дейін Өзбекстанда жобаны жалпыхалықтық талқылау өтіп, одан кейін ел конституциясына өзгертулер енгізу референдумда шешіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети