Өзбекстанда президент сайлауы басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өзбекстанда президент сайлауына сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Елдегі барлық төрт саяси партиядан кандидат шығып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда президент сайлауына сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Елдегі барлық төрт саяси партиядан кандидат шығып отыр.

Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясынан Шавкат Мирзиеев шықты. Ол елді әскери-саяси блоктарға қоспауды және ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуды көздеп отыр. Тағы екі кандидат - парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамурадов ("Миллий тикланиш" ұлттық-демократиялық партиясының атынан шыққан) және Социал-демократиялық "Адолат" партиясының атынан шыққан Нариман Умаров - РФ-мен одақтық байланыс пен стратегиялық қарым-қатынастарды сақтап, дамытуға шақырып отыр. Өзбекстанның Халықтық-демократиялық партиясының көшбасшысы Хотамжон Кетмонов республиканың жаңа ұйымдарға енуіне асықпайды, нақтырақ айтсақ, Еуразиялық экономикалық одақ, ол жұмыспен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы тариф саясаты бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударған.

Өзбекстанның 21,4 миллион азаматы дауыс бере алады. Заңнамаға сәйкес, сайлаудың өткенін анықтау үшін тіркелген сайлаушылардың 33 пайызы дауыс беруі қажет. Сайлауды өткізу үшін 12 сайлау комиссиясы құрылған, 9 381 сайлау учаскесі ашылған, оның ішінде 44-і Өзбекстанның 36 елдегі өкілдіктерінде.

Сайлауды 80 мыңға таяу жергілікті бақылаушы және халықаралық 600-дей халықаралық бақылаушы қарайды, сонымен қатар, түрлі ұйымдардың, ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам Әріптестік Ұйымы, Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы. Сайлау туралы 20 елде 1,3 мың журналист ақпарат таратады.

Алдын ала қорытынды дүйсенбіде таңғы уақытта белгілі болуы мүмкін.

Еске салайық, биыл қыркүйекте 78 жасында Ислам Каримов инсульт алып, қайтыс болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.03  course down  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro