Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы журналистерге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы журналистерге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының қаулысына және конституция баптары мен Өзбекстан Республикасындағы президент сайлауы туралы заңдарға сәйкес, 4 желтоқсанда Өзбекстанда президент сайланады", - деді Мирза-Улугбек Абдусаломов.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, сайлау кампаниясындағылар өз жұмысын жұма күні, 9 қыркүйекте бастады.
Еске салайық, 8 қыркүйекте Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президентінің міндетін уақытқа атқарушы болып тағайындалған болатын. "Шавкат Мирзиеев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев қызметінен өздігінен бас тартқанын мәлімдеді", - деп хабарлады агенттіктің сұхбаттасушысы.
Ал 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді.