Өзбекстанда сәбіз күрт қымбаттап кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзбекстанда сәбіз қымбаттап кетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда сәбіз қымбаттап кетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Ташкент тұрғындары сәбіздің құны 3 есеге дейін шарықтап кеткенін айтады. Бүгінде базарлар мен дүкендерде сәбіз 360 пен 440 теңге төңірегінде сатылыпжатыр. Кей мамандар бұндай өзгерістің басты себебі өзбекстандық сәбізді импорттаушы елдерде бағаның өскендігімен байланыстырып жатыр. Яғни жергілікті диқандар арзан бағаға ел ішінде сатқаннан гөрі сыртта саудалап, пайда тапқанды жөн санайды.

Салдарынан республика төңірегінде былтырдан қалған сәбіздің тапшылығы қатты сезіліп отыр. Ал жаңа өнім әлі пісіп үлгермеді. Бірақ ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сәбіздің күрт қымбаттауына экспорттың еш қатысы жоқ, бәріне кінәлі ауа райы.

"Шынымен де қазір Өзбекстанда сәбіздің бағасы қымбаттап кетті. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды тұрақтандыру үшін тиісті шараларды қолға алды. Бағаның өсуіне биыл ақпан мен сәуір айларында ауа райының суық болуы себеп болды. Яғни осы мезгілде ерте пісетін өнімнің шығуы 20-25 күнге кешікті. Енді жағдай осы айдың соңында биыл егілген сәбіз толық піскен кезде тұрақталмақ", - дейді Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Нигора Ходжаева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro