Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды © Reuters

Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, үш жасар бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Бұған дейін дәл осы дәріден 19 баланың көз жұмғанын хабарлаған едік. Осыған байланысты қазір бұл препараттың таблеткалары мен сироптары Өзбекстанның барлық дәріханасында сатылымнан шығарылды.

Фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің директоры қызметінен кетті. Ал Үндістан билігі "Док-1 Макс" препаратын шығаратын компанияға қарсы іс қозғады. Қазір тиіс тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда тіркелмегенін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.61   555.95   6.01 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети