Өзбекстанда таудан үлкен тас құлап, үш адам мінген көлікті басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда таудан үлкен тас құлап, үш адам мінген көлікті басып қалды ©️ t.me/kashyhxb

Өзбекстанда үлкен тас таудан құлап, жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің үстіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда үлкен тас таудан құлап, жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің үстіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 6 қарашада сағат 16:00-де Қашқадария облысындағы Тахтақараша асуында болған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды.

Көлік Китабтан Самарқандқа бара жатқан. Қайтыс болған азаматтардың жеке басы нақтыланады. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, салонда жолаушы - Венгрия азаматтары, жүргізуші өзбекстандық азамат болған. Әзірге бұл ақпарат расталмаған.

Қазіргі уақытта өткел көлік қозғалысына уақытша жабылған. Қазір онда бір топ мамандар жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети