Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды: Қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды: Қаза тапқандар бар © РИА Новости. Валерий Мельников

23 ақпанда Өзбекстандағы азотты тыңайтқыштар өндіретін "Ферғанаазот" АҚ химиялық зауытында жарылыс болды, қаза тапқандар бар. Бұл туралы  Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында хабарланды.

"23 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 16.30-да Ферғанадағы "Ферғанаазот" АҚ химиялық зауытында жөндеу-монтаж жұмыстары кезінде жарылыс болды. Қаза тапқандар бар", - делінген хабарламада. Бірақ онда қаза тапқандардың саны көрсетілмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сондай-ақ, зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетілетіні айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети