Өзбекстандағы парламент сайлауының алдын ала қорытындылары шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстандағы парламент сайлауының алдын ала қорытындылары шықты Өзбекстан парламентінің ғимараты. ©РИА Новости

Өзбекстан Республикасында өткен заң шығарушы Олий Мәжіліс депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындылары шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап. Сайлаудың алдын ала қорытынды бойынша Олий Мәжіліс Заң шығарушы палатасына 113 сайлау округі бойынша депутаттар сайланды.

Сайлау қорытындысына қатысты өткен брифингте комиссия төрағасы Мирзо-Улугбек Абдусаломов либералдық-демократиялық партиядан - 47 депутат, "Миллий тикланиш" демократиялық партиясынан - 28, халықтық-демократиялық партиядан - 21, "Адолат" Өзбекстанның социал-демократиялық партиясынан 17 депутат сайланғанын мәлім етті.

Сондай-ақ, ол Өзбекстанның экологиялық қозғалысының конференциясында ұсынылғандар ішінен парламенттің Заң шығарушы палатасына жасырын дауыспен 15 депутат сайланғанын айтты.

Абдусаломовтың мәлімдеуінше, 22 округте бірде-бір үміткер қажетті дауыс санын жинай алмаған. Енді заңнамаға сәйкес сайлау кезінде ең көп дауыс жинаған екі үміткерге қайта дауыс берілетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда биылғы парламент сайлауына қатысушылардың қатары 88 пайыздан асқаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети