Өзбекстандағы президент сайлауында Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстандағы президент сайлауында Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті Фото gazeta.uz

Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев кезектен тыс президенттік сайлауда 87,5 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газета.uz" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев кезектен тыс президенттік сайлауда 87,5 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газета.uz" сайтына сілтеме жасап.

Сайлаудың алдын ала нәтижелерін Ташкентте өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамхожаев мәлім етті. Ол 13 миллион 625 мың 55 адам дауыс берген Шавкат Мирзиеев президент болып сайланғанын жариялады.

"Адолат" (Әділет) социал-демократиялық партиясынан ұсынылған Робахон Махмудова 4,43 пайыз дауыс жинады - оған 693 634 адам дауыс берген.

Халық-демократиялық партияның кандидаты және оның жетекшісі Улугбек Иноятов 4,2 пайыз дауыс жинады - 629 мың 116 адам.

Өзбекстанның Экологиялық партиясынан үміткер Абдушукур Хамзаев 3,74 пайыз дауыс жинаған - 585 мың 711 адам.

2016 жылы 4 желтоқсанда өткен сайлауда Шавкат Мирзиеев 87,73 пайыз, 2021 жылы 24 қазанда 80,12 пайыз дауыспен жеңіске жеткені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети