Өзбекстандықтар Instagram желісінде Ислам Кәрімовке алғыс айтып жатыр

02 Қыркүйек 2016, 16:07
0
Өзбекстандықтар Instagram желісінде Ислам Кәрімовке алғыс айтып жатыр -

Өзбекстандықтар Instagram желісінде Ислам Кәрімовке алғыс айтып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ташкент пен Самарқанда тұратын қолданушылар әлеуметтік желіге Өзбекстан президентінің суретін салып жатыр. Көбісі Ислам Кәрімовке тәуелсіздік пен бейбіт өмір үшін алғыс айтуда. "Сіз мәңгі есімізде қаласыз", - деп жазады қолданушылар. 

Суретке жазылған пікірлерде Ислам Кәрімовті "Әке", "Ата" деп атап, "оның өзбек жұртының жүрегінде мәңгі сақталатыны" айтылған. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. 

Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді. Ал кейінірек Ақорда Назарбаев Өзбекстанға барады деген мәліметке қатысты пікір білдірген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай