07 қыркүйек 2016 | 16:18

Өзбекстанның билік жүйесінде алдағы бес жылда өзгеріс болмайды - саясаттанушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mv-vatanparvar.uz © mv-vatanparvar.uz

Өзбекстанда алдағы бес жылда билік жүйесіне өзгерістер енгізіледі деуге әзірше ерте. Бұл туралы "IQ Studio" жобасының конферациясында Өзбекстан саясаттанушысы Фарход Аминжнов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда алдағы бес жылда билік жүйесіне өзгерістер енгізіледі деуге әзірше ерте. Бұл туралы "IQ Studio" жобасының конферациясында Өзбекстан саясаттанушысы Фарход Аминжнов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сайлау өткізілетін алдағы үш айда жүйе трансформацияланбайды, одан кейін Ислам Каримовтің кезіндегі сыртқы және ішкі саясаттың бағыты жалғасады. Ал кейін, бес жылдан кейін жүйенің өзгеру-өзгермеуі жаңа президентке байланысты болады, оның елде қандай саясатты жүргізетініне тәуелді. Ендігіде мәселе Каримовтің орнына кім келеді емес, одан кейін кім келеді дегенге саяды. Елді Ислам Каримовтей басқару өте қиын болады. Жаңа билік сыртқысаяси бағытын Ислам Каримовтің жолымен жалғастырады, себебі ол тұрақты сыртқы саясатты жүргізді", - деді ол. 

Оның пікірінше, Өзбекстанның тұрақты әрі өте жақсы досы жоқ, алайда жауы да жоқ. "Ол ұлттық мүддені ойлады. Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас бұрынғы деңгейінде қалады", - деді саясаттанушы. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети