Өзбекстанның марқұм президенті Ислам Каримовтың үлкен ұлы Петр Каримов әйелін соққыға жыққан. Оқиға Красногорскідегі көпқабатты үйде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz-ға сілтеме жасап.
Өзбекстанның марқұм президенті Ислам Каримовтың үлкен ұлы Петр Каримов әйелін соққыға жыққан. Оқиға Красногорскідегі көпқабатты үйде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz-ға сілтеме жасап.
Telegram-арналарда тараған мәліметке сүйенсек, Петр Каримов әйелі Юлия Сметанкинамен жанжал кезінде оны бірнеше рет ұрған.
"Түрлі жарақаттары бар әйел ауруханаға жатқызылды, ал Каримов бөлімге жеткізілді. Жауап алғаннан кейін ол босатылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
"Известия" мәліметінше, көршілер екі рет полиция шақырған, екіншісінде Каримов ұсталған. Ол жауап алу үшін бөлімге әкелінген.
"Қазір ол босатылды. Ол күдікті мәртебесінде. Дереккөзде жарақаттарынан кейін Юлия ауруханаға жатқызылғаны айтылады. Ауруханада оған іш жарақаты, ми шайқалуы және қан кету диагнозы қойылды", - деп жазған журналистер.
Оқиға бойынша полиция тексеріс жүргізеді.
Айта кетейік, Петр Каримов - Ислам Каримовтың бірінші әйелі Наталья Кучмиден туған үлкен ұлы. Наталья 2008 жылы Ташкентте қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Петр қазір Мәскеуде тұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!