Өзбекстанның премьер-министрінің кортежі жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның премьер-министрінің кортежі жол апатына ұшырады

Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов жол апатына ұшырады. Өзбекстанның Бас прокуратурасы жол апатына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды "Sputnik Узбекистан".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов жол апатына ұшырады. Өзбекстанның Бас прокуратурасы жол апатына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды "Sputnik Узбекистан".

Басылымның мәліметінше, жол апаты 20 тамызда шамамен сағат таңғы 9:30-да болған. Бахтиер Сайидов Damas көлігін басқара отырып, бір сәтте көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

"Содан Damas жүргізушісі Mercedes-Benz маркалы көлікті соғып кеткен. Ол көлікті Рустам Толипов басқарған", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов жеңіл жарақаттар алған. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Премьер-министрдің орынбасары Әлішер Сұлтанов бірнеше жарақат алған. Ал президент аппаратының жауапты қызметшісі Курбонов иығын жарақаттап алған. Жүргізуші Толипов та бірнеше жарақат алды. 

Өз кезегінде Damas жүргізушісі Бахтиер Сайидов маңдайын жарақаттаған, жолаушы Мелибоев та дене жарақаттарын алған", - деп хабарлады Өзбекстанның бас прокуратурасының өкілдері.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бас прокуратура осы жол апаты дерегі бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети