"Өзімен алып келген бутерброд жеп отырған". Меркель эконом санатта саяхаттап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өзімен алып келген бутерброд жеп отырған". Меркель эконом санатта саяхаттап жүр Фото:Privat/Bild

Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель демалыстан өз еліне эконом санатындағы ұшақпен қайтыпты. Bild басылымы саясаткердің ұшақтағы суретін де жариялаған, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель демалыстан өз еліне эконом санатындағы ұшақпен қайтыпты. Bild басылымы саясаткердің ұшақтағы суретін де жариялаған, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

58 жастағы Меркель Фуэртевентура атты Канар аралында 73 жастағы күйеуі Иоахим Зауэрмен демалысын өткізіпті. Отбасы 4 жұлдызды Innside by Meliá қонақүйіне тоқтапты, ондағы бір түн 162 еуро немесе 80 мың теңге. Мұны германиялық журналистер анықтапты.

Ал еліне қайтарда Германияның экс басшысы Eurowings әуекомпаниясының Airbus 320-200 ұшағына отырған (билет құны 504 еуро, яғни, 249 мың теңге).

"Меркельдің маңында отырған жолаушылар оны терезе жанында бетперде қиіп, планшет ұстап отырған жерінде суретке түсіріп алыпты. Ол жол бойы сол планшеттен бірдеңе оқып отырған, кроссворд шешіп, өзімен алып кірген қызыл бұрышы бар бутербродын жепті. Ал ұшақ жерге қонғанда Меркельді күзетші күтіп алған екен", - деп жазады басылым.

Фото:Privat/Bild

Фото:Privat/Bild

Ангела Меркель зейнетке шыққанымен күзет пен жеке қызметкшілер ұстауға құқы бар. Осылай оның кеңсесінде тоғыз қызметкер бар екен: офис-менеджер, жетекшінің орынбасары, екі хатшы, үш клерк және екі жүргізуші.

Ал сапарының шығынын саясаткер өз қалтасынан төлейді. Bild ақпаратынша, Меркельдің зейнетақысы 15 мың еуро - 7,5 миллион теңге екен. Сырт елдегі күзетті қабылдаушы ел өз есебінен қамтамассыз етеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети