Пәкістан үндістандық ұшқышты отанына қайтарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан үндістандық ұшқышты отанына қайтарады Видео кадрынан

Пәкістан Кашмир үстінен атып түсірген ұшақ пилотын Үндістанға қайтарады. Бұл туралы Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши мәлім етті, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан Кашмир үстінен атып түсірген ұшақ пилотын Үндістанға қайтарады. Бұл туралы Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши мәлім етті, - деп хабарлайды Reuters.

Ол Пәкістанның Үндістанмен ірі әскери жанжал болғанын қаламайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл соғыс "екі тарапты да жойып жібереді".

"Бейбітшілік ишараты ретінде біз тұтқындаған ұшқыш бүгін Вагах елді мекенінің маңындағы шекарадан өткізіп жібереміз", - деді Куреши Парламент отырысында.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі РИА Новостиге Пәкістанның шешімін құптайтынын айтты.

"Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханның тұтқынқа алынған үндістандық ұшқышты жұма күні босататыны туралы уәдесін құптаймыз", - деді ол.

Департамент өкілінің айтуынша, АҚШ екі тарапты осы жағдайды шешу үшін жылдам шара қолдануға шақырады. Оның сөзінше, екі жақтың әскери белсенділігі жағдайды ушықтырып жібереді.

Жақында Пәкістан әскері Үндістан әскери-әуе күштерінің екі ұшқышын тұтқындаған, сәрсенбі күні таңғы уақытта елдің әуе кеңістігі ережесін бұзды деген айыппен олардың ұшақтарын атып түсірген еді.

Кейін пәкістандық БАҚ тұтқында түскен ұшқыштың видеосын жариялады, мұнда ол өзінің аты-жөні мен әскери лауазымын айтты.

Бейсенбіде Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан 1 наурызда "бейбітшілік ишараты" ретінде ұшқыштардың біреуін үндістандық тарапқа қайтаратындарын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети