Пәкістан армиясы Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан армиясы Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция бастады Фото:depositphotos.com

Пәкістан армиясы Үндістанға қарсы кең ауқымды әскери операцияны бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан армиясы Үндістанға қарсы кең ауқымды әскери операцияны бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Geo TV мәліметінше, операцияның мақсаты - бірнеше әскери нысан.

"Кейінгі үш күн ішінде Үндістанның үздіксіз агрессиясына қарамастан, Пәкістан шиеленістен аулақ болды", - дейді елдің сыртқы істер министрі Исхак Дар.

Оның айтуынша, Үндістан Пәкістанды бірнеше рет соққылар жасады деп айыптаған. Дегенмен ол бұл Пәкістанның алғашқы шабуылы екенін жеткізді.

Сыртқы істер министрінің пікірінше, Нью-Дели Исламабадты "халықаралық қауымдастық алдында агрессор ретінде көрсетуге тырысқан, бірақ әлем бұған сенбеген".

БАҚ мәліметінше, Пәкістан әскерилері Үндістанның Адампур әуе базасын жойған. Олар Удхампур әуе базасына да соққы жасаған.

Еске салайық, бұған дейін Үндістан мен Пәкістан соғыс алдында тұрғаны хабарланды. Пәкістанға жасалған алғашқы зымыран соққысынан кейін екі тарап та бейбіт тұрғындар арасынан құрбандар барын хабарлады. Дели жаңа шабуылдар жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді, ал Исламабад оларға жауап беруге уәде етті.

Кейінірек Үндістан мен Пәкістан шекарада қарқынды соққы жасап жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети