02 наурыз 2019 | 12:25

Пәкістан тұтқынға алынған ұшқышты Үндістанға қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Danish Siddiqui © REUTERS/Danish Siddiqui

Пәкістанда тұтқынға алынған Үндістанның әуе әскери күштерінің командирі Абхинандана Вартхаманды еліне қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Пәкістанда тұтқынға алынған Үндістанның әуе әскери күштерінің командирі Абхинандана Вартхаманды еліне қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тұтқынды еліне қайтару шарасы 1 наурызда кешкісін Кашмирдегі Вагах шекаралық елді мекенінде өтті. NDTV телеарнасының мәліметінше, таңертеңнен бастап Үнді шекара бекетіне жақын жерде журналистер мен жергілікті тұрғындар жиналды. Нью-Дели Вартхаманды алып кету үшін арнайы борт жібермекші болған, алайда Исламабад мұндай мүмкіндік беруден бас тартты.

Еске салайық, Пәкістан әскері Үндістан әскери-әуе күштерінің екі ұшқышын тұтқындады, сәрсенбі күні таңғы уақытта елдің әуе кеңістігі ережесін бұзды деген айыппен олардың ұшақтарын атып түсірген. Екі ұшқыш та тұтқындалды. Кейінірек Pakistan Today бейнежазба жариялады, бұл видеода тұтқынға түскен үндістандық ұшқыштардың бірі болуы ықтимал.

ANI агенттігінің мәліметінше, Джамму мен Кашмирде ұшақ емес, тікұшақ құлаған. Джамму штаты мен Кашмирде құлаған әуе кемесі Үндістан ӘӘК-нің Ми-14 тікұшағы болып шыққан. 

Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши Пәкістанның Үндістанмен ірі әскери жанжал болғанын қаламайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл соғыс "екі тарапты да жойып жібереді". Сонымен қатар, ол Пәкістан Кашмир үстінен атып түсірген ұшақ пилотын Үндістанға қайтаратынын мәлімдеген еді.

Бұған дейін "Джаиш-е-Мухаммад" исламшыл тобы 14 ақпанда Үндістанның әскери полиция колоннасына жасалған шабуылды өз мойнына алған болатын. Сол шабуылда 45 әскери қызметкер қаза тапқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети