30 қаңтар 2015 18:17

Пәкістанда мешітте болған жарылыстан 30 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістанның Шикарпур қаласындағы шейіттер мешітінде 30 қаңтар күні жарылыс болып, 30-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Lenta.ru Samaa TV телеарнасына сілтеме жасап. Жарылыс салдарынан 70 адам жарақат алып, қазір олардың кейбірі ауыр халде жатыр.

Жарылыс жұма намазының кезінде болған. Полиция мәліметтеріне қарағанда, жарылысты жанкешті лаңкес ұйымдастырған. 

Dispatch News Desk мәліметінше, жарылыстың күшті болғаны сонша, мешіттің төбесі опырылып түсіп, ішіндегі адамдарды үйінді басып қалған. Әзірше ешқандай топ бұл оқиғаға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Пәкістанның ресми өкілдері, оның ішінде елдің президенті Мамнун Хусейн мен премьер-министр Наваз Шариф Шикарпурдегі оқиғаны айыптады. Пәкістанда үшкүндік қаралы күн жарияланды.

Айта кетейік, Пәкістан тұрғындарының басым бөлігі - сүнниттер. Шейіттер қауымы елдің оңтүстігі мен шығысында көп шоғырланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети