Пәкістанда террористер Қытай елшісін жарып жібермек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістанда террористер Қытай елшісін жарып жібермек болған Фото: Reuters

Пәкістанның оңтүстік-шығысында Белуджистан провинциясындағы Serena қонақүйінің көлік тұрағында жарылыс болды, - деп хабарлайды Reuters

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістанның оңтүстік-шығысында Белуджистан провинциясындағы Serena қонақүйінің көлік тұрағында жарылыс болды, - деп хабарлайды Reuters

Салдарынан шамамен төрт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған. Жарылысты жергілікті тұрғындар оқиға болған жақтан бірнеше шақырым жерден естіген. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері барып, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізді. 

Болжам бойынша, терактті ұйымдастырғандар қонақүйде қалған Қытай елшісін өлтірмек болған. Пәкістанның ішкі істер министрі Рашид Ахмадтың сөзінше, Қытай елшісі Нонг Ронг жарылыс болған уақытта іс-шарада жүрген. Ал жарылыс дипломат қонақүйге келерден бұрын бірнеше минут бұрын болған.  

Белуджистан провинциясының ішкі істер министрі Зиаулла Ланго тілшілерге Нонгтың іссапары бейсенбіде аяқталатынын хабарлаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети