Пәкістанның экс-премьері құдайға тіл тигізді деген айыппен өлім жазасына кесілуі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханға құдайға тіл тигізді деген айып тағылды. Енді ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханға құдайға тіл тигізді деген айып тағылды. Енді ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

Dawn басылымының мәліметінше, Мұхаммед Наим есімді тұрғынның арызынан кейін бұл істі Пенджаб провинциясының полициясы Ханға және тағы 150 адамға, соның ішінде бірнеше бұрынғы министр мен "Техрик-и-Инсаф" партиясының негізгі мүшелеріне қарсы қозғады.

Шағымда Хан мен оның жақтастары өткен бейсенбіде жаңа премьер-министр Шехбаз Шарифтің Сауд Арабиясына сапары кезінде оған қарсы шеруге қатысқаны айтылған. Пәкістанның жаңа премьер-министрі мен оның делегация мүшелері Мединадағы әл-Масжид-әл-Набауи мешітіне барғанда, жүздеген адам Шарифке қарсы ұрандар айта бастаған.

Пәкістаннан барған адамдар "ұры" және "сатқын" деп айғайлап, Шариф пен оның делегациясына қарсы балағат сөздер айтқан. Кейін Сауд Арабиясы билігі бұл оқиғаға қатысы бар деген бес пәкістандық тұрғынды ұстағанын хабарлады.

Ханның өзі және оның партиясының мүшелері бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарып, бұл айыптаулар жаңа биліктің Ханға қарсы шабуылының бастамасы екенін айтады.

Сәуірдің басында Пәкістан парламентінің төменгі палатасы Пәкістан мұсылмандары лигасының президенті Шахбаз Шарифті премьер-министр етіп сайлаған. Ол "Техрик-и-Инсаф" партиясы жоспарланған жаңа премьер-министр сайлауына аз уақыт қалғанда парламенттен шығып кеткеннен кейін сайлаудағы жалғыз кандидат болды.

Сонымен бірге, премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беру қарсаңында мыңдаған адам Хан мен оның "Техрик-и-Инсаф" партиясын қолдап, шерулерге қатысқан. Экс-премьердің өзі атап өткендей, "біздің тарихымызда алаяқтар басқаратын үкіметті жоққа шығару үшін осынша көп адам шыққан емес".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro