Пакьяо ресми түрде президенттікке ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пакьяо ресми түрде президенттікке ұсынылды ©REUTERS

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо ресми түрде Филиппин президентіне үмкерлігін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо ресми түрде Филиппин президентіне үмкерлігін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Эммануэль Дапидран Пакьяо (Мэнни Пакьяо) сайлау органына үміткерлігін ұсыну туралы куәлік тапсырған. Сайлауға спортшы биліктегі "Филиппин демократиялық партиясы - Халықтық билік" (PDP-Laban) атынан қатысады.

©REUTERS

"Менің басты міндетім - экономиканы қалпына келтіру үшін пандемиямен күресу", - деді ол.

Тіркеу ғимаратына барар жолда Пакьяоны жол шетінде ондаған жақтасы қарсы алғаны айтылады.

©REUTERS

Пакьяо президенттікке үміткерлер арасында төртінші орында екенін көрсетіп, "кедейлердің дауысы естілмегенін" айтты.

2016 жылдан бері бокстан бұрынғы әлем чемпионы елдің сенаторы қызметін атқарған. Филиппин президентіне сайлау 2022 жылы 9 мамырда өтеді.

Бұған дейін Мэнни Пакьяо кәсіби карьерасын аяқтағаны туралы хабарлаған болатын. Филиппиндік боксшының ел президенті сайлауына түсетіні белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети