02 қыркүйек 2020 14:41

Пандемия кезінде қандай тауарлар жиі сатылғаны белгілі болды

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: aif.ru Фото: aif.ru

АҚШ-та коронавирус пандемиясы кезінде кейбір тауарға сұраныс артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ-та коронавирус пандемиясы кезінде кейбір тауарға сұраныс артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Кейбір тауар өндірушілер бұл мүмкіндікті пайданалып, өнімдердің бағасын көтерген.

"Сұраныс пен ұсыныс туралы білгенімізді ұмытуымыз керек. Себебі, тұтынушылардың мінез-құлқы толығымен өзгерді", - дейді Солтүстік-Батыс университетінің сарапшысы (АҚШ) Петр Дворчак.

Reuters агенттігінің мәліметінше, COVID-19 дағдарысы "киімнен азық-түлікке дейін" тұтынушылық моделінің ескіргенін көрсеткен.

Сарапшылардың пікірінше, оған адамдардың үйден жұмыс істеуі себеп болған.

Reuters талдауына сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда америкалықтар биыл кофе, жұмыртқа, ветчина, кетчуп және ірімшікті жиі сатып алған. Тауар өндірушілер бұл өнімдердің бағасын көтерген. Nielsen мәліметінше, сатып алушылар ерігіш кофе үшін орташа есеппен 8 пайызға және кетчуп үшін 10 пайызға көп ақша жұмсаған.

Кесте: Reuters

Сонымен қатар, Nike Air Max ерлер кроссовкиі мен йоға арналған Lululemon шалбарлары, Louis Vuitton сөмкелері қымбаттаған.

StyleSage компаниясының мәліметінше, Шілдеде Nike аяқ киімінің шамамен 63 пайызын интернет арқылы сатқан. 2019 жылмен салыстырғанда Air Max кроссовкиінің бағасы орташа есеппен 10,5 пайызға артқан.

Экономистер қоғамдық кәсіпорындардың жабылуынан адамдар көп ақша жұмсамағанын айтады.

"Әрине, жаппай жұмыстан шығару болған шығар. Бірақ адамдардың басым бөлігі жалақысы мен табысын сақтап қалды", - дейді Мичиган университетінің сарапшысы Нирупама Рао.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети