Салдарынан көптеген адам мет болған Париж бен Брюсселдегі терактілерді ұйымдастырушылардың Афина қаласында да өз базасы болған. Бұл туралы брюсселдік соттың Вервь қаласындағы террористердің ұйымы туралы құжаттарында айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Салдарынан көптеген адам мет болған Париж бен Брюсселдегі терактілерді ұйымдастырушылардың Афина қаласында да өз базасы болған. Бұл туралы брюсселдік соттың Вервь қаласындағы террористердің ұйымы туралы құжаттарында айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Құжатқа сәйкес террористердің sim-карталары анықталып, Афинадағы компьютерлерде жарылғыш заттарды даярлау нұсқасы мен Завентем әуежайына шабуыл жоспары, сонымен бірге еуропалық екі қалада қолданылған жарылғыш заттарды дайындау нұсқаулығы да табылған",- деп жазады басылым.
Мұның алдында Грекия полициясы ел астанасының Панкрати ауданында тінту жүргізген.
Компьютерлердің бірінде Париж бен Брюсселде қолданылған жарылғыш заттарды дайындау нұсқаулығы жазылған дәптердің фотосуреттері анықталған. Брюссель әуежайындағы жарылыстар жоспарының фотосуреттері табылған.
Вервь қаласындағы ұйым мүшелерінің көзін жою операциясы 2016 жылы қаңтар айында өткен. Олар Сириядан Белгияға барарда және қайтар жолда Груцияда аялдап отырған. Афинада оларды жарылғыш заттарды дайындауға үйреткен. Олар Грекияны Еуропаға барар көпір ретінде пайдаланып, осы бір дәліздің жабылып қалмас үшін елде терактілер ұйымдастырмаған болуы керек деген пайымдар бар.
2015 жылдың 13 қарашасында террористердің үш тобы Париж бен қала шетіндегі Сен-Дени ауданында бірнеше шабуыл жасаған. Салдарынан 130 адам мерт болып, 350-ден астамы жарақат алған болатын. 22 наурызда Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Ол кезде 29 жастағы Ибрагим әл-Бакрауи мен 24 жастағы Наджим Лаашрауи өздерін жарған. Бүл оқиға салдарынан 14 адам мерт болып, 100-дей адам жараланған еді.