Полиция қызметкерлері экстремисттерге қатысы бар болуы мүмкін күдіктінің Париж маңындағы үйін тексеру кезінде жарылғыш зат пен детонаторлар тапқан. Ол жолаушыларды әуежайға тасумен айналысқан, - деп хабарлайды РИА Новости франциялық БАҚ өкіліне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері экстремисттерге қатысы бар болуы мүмкін күдіктінің Париж маңындағы үйін тексеру кезінде жарылғыш зат пен детонаторлар тапқан. Ол жолаушыларды әуежайға тасумен айналысқан, - деп хабарлайды РИА Новости франциялық БАҚ өкіліне сілтеме жасап.
23 жастағы күдіктіні Парижден оңтүстік-шығыста орналасқан Валь-де-Марн департаменті құрықтауды ұйымдастырған. Күдіктінің үйін тексеру кезінде жарылғыш зат пен детанаторлар тапқан.
Күдіктіге басқа бір істі тергеу барысында шыққан. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталған адам, экстремисттерге қатысы бар адамдардың базасында тұрған және де бірнеше рет өзінің жолаушыларын тонаған. Тергеушілер күдіктінің ұялы телефонында ИМ-нің (ДАИШ - ҚР рұқсат етілмеген ұйым) туының суреті болған.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды. Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.