16 қаңтар 2015 | 21:15

Париж түбінде адамдарды кепілге алған белгісіз біреу полицияға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұма күні Париждің шетіндегі Коломбта адамдарды кепілге алған белгісіз біреу тәртіп сақшыларына берілді, - деп хабарлайды Agence France-Presse. Үш адам кепілден босады. Операция кезінде бір де бір оқ атылмады, ешкім зардап шеккен жоқ.


Иконка комментария блок соц сети

Жұма күні Париждің шетіндегі Коломбта адамдарды кепілге алған белгісіз біреу тәртіп сақшыларына берілді, - деп хабарлайды Agence France-Presse. Үш адам кепілден босады. Операция кезінде бір де бір оқ атылмады, ешкім зардап шеккен жоқ.

Франция билігінің мәліметінше, қылмыскердің аты-жөні анықталды, бірақ оның аты айтылмай отыр. Әзірше оның психикалық ауытқушылығы бар науқас болуы мүмкін екені айтылды.

Осыған дейін белгісіз біреудің Калашников автоматымен және бірнеше гранатамен Париждің шетінде үш адамды кепілге алғаны хабарланған болатын. Ер адам адамдарды кепілге алғаны жайлы полицияға өзі телефон соғып хабарлады.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні Парижде белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира журналының редакциясына оқ жаудырды, салдарынан 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. 8 қаңтарда француз астанасының шетінде орналасқан Монружда ер адам автоматты қарумен полиция қызметкері мен жол қызметі агентін атып тастады. Әйел қаза тапты, ер адам ауыр жағдайда аурухағана жеткізілді. 7 қаңтарда шабуыл жасаған ер адам екі бірдей Калашников автоматымен Париждің Венсенкий қақпасы маңындағы супермаркетке басып кіріп, оқ атып, адамдарды кепілге алды. Арнайы қызметтер дүкенге шабуылдап, қылмыскер оқиға орнында өлтіріледі. Адамдарды кепілге алу кезінде 4 адам қаза тапты. Шабуылдаған ер адам 32 жастағы Амеди Кулибали болып шықты. Ол - ағайынды Куашилердің танысы. Charlie Hebdо редакициясына шабуылдаған ағайынды Саид пен Шериф Куашилер 9 қаңтарда Даммартен-ан-Гоэль қалашығында өлтірілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети