Парижде митингіге шыққан украиналықтарға белгісіз біреулер жұмыртқа лақтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Парижде митингіге шыққан украиналықтарға белгісіз біреулер жұмыртқа лақтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, наразылық шарасына шамамен 150 адам қатысқан. Белсенділер арнайы үнқағаздар көтерген. Митинг ұйымдастырушыларының айтуынша, оларға жұмыртқа лақтырылғанымен, наразылық шарасы тоқтамаған.
© facebook.com/veteranua
Айта кетейік, бүгін, 9 желтоқсанда Парижде Ресей, Германия, Франция және Украина елдерінің басшыларының қатысуымен Донбасстағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша саммит өтеді. Алайда украиналықтар саммиттің өтуіне бірнеше күн қалғанда митинг ұйымдастырған. 8 желтоқсанда Киев орталығында митинг ұйымдастырушылар биліктегілерден Еуропа одағы мен НАТО-ға қатысты мәселе бойынша келісімге келмеуді талап еткен болатын.
Францияда 1,5 миллионға жуық адам неліктен шеруге шықты?