Парижде терактілер жасаған лаңкестердің сыбайласы делінген ер адам Германияда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде терактілер жасаған лаңкестердің сыбайласы делінген ер адам Германияда ұсталды

Баварияның Розенхайм қаласының полициясы Парижде террорлық актілер жасаған лаңкестердің сыбайласы делінген ер адамды ұстады. Бұл туралы "Коммерсант" басылымы Вayerischer Rundfunk радиостанциясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ұсталған адамның көлігінен тапаншалар, автоматтар, оқ-дәрілер мен бірнеше келі тротил табылды. Айта кетейік, Ангела Меркель Франция билігіне террорлық актіні тергеуде көмек ұсынды.

Еске сала кетейік, Парижде 14 қарашаға қараған түні бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети