Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді © Philippe LOPEZ

Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Өрт сөндірілді. Біз қалған жердегі өрт ошақтарын қадағалап отырмыз, сондай-ақ жалын тараған жерлерді суытып жатырмыз. Өрт қайталанбауы үшін алдын-ала шаралар қолдандық", - деді Париждегі өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Габриэль Плюс Figaro газетіне берген сұхбатында. 

Париж - құдай аналарының соборындағы өрт 15 сәуірде кешкі уақытта басталды. Салдарынан ғимараттың мұнарасы құлады. Собордың көтергіші өртке оранған. Бұл өртке 400-ге жуық өрт сөндіруші жұмылған.

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл жағдайға байланысты оз ойын білдірді. Ол соборды қайтадан орнына келтіруге сөз берген. Сондай-ақ собордың есігі келушілерге алдағы уақытта да ашық болатынын мәлімдеді.

REUTERS/Philippe Wojazer

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, өрт себебі соборда болып жатқан жөндеу жұмыстары болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети