Парижде қаруланған ер адамдар Ким Кардашьянға шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде қаруланған ер адамдар Ким Кардашьянға шабуыл жасады © life-star.ru

Парижде белгісіз екі ер адам америкалық модель және тележүргізуші Ким Кардашьянға қонақүйде шабуыл жасады, - деп хабарлайды ВВС оның өкіліне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде белгісіз екі ер адам америкалық модель және тележүргізуші Ким Кардашьянға қонақүйде шабуыл жасады, - деп хабарлайды ВВС оның өкіліне сілтеме жасап.

Ер адамдар бетперде киген және қолдарында қару болған. Кардашьянның өкілінің айтуынша, шабуыл жасағандар полицейдің формасында болған. Тележүргізушінің өзіне ештеңе болмаған, алайда болған оқиғадан ол қатты есеңгіреп қалған, дейді өкілі. Полиция бұл оқиға туралы әлі мәлімдеме жасаған жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайы айтылмаған. 

Айта кетейік, Кардашьянның күйеуі, америкалық рэпер Канье Уэст жексенбіде, 2 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өтуі керек болған концертін отбасылық жағдайына байланысты тоқтатқан. Тележүргізуші анасымен және екі сіңілісімен бірге Парижге сән апталығына барған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети