26 қазан 2014 | 16:19

Парламент сайлауын қадалағау үшін Порошенко Донбассқа келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петр Порошенко тікұшақта. Фото. ©Президент Әкімшілігінен алынды Петр Порошенко тікұшақта. Фото. ©Президент Әкімшілігінен алынды

Украина президенті Петр Порошенко қазір Донбасста. Ел басшысының ондағы мақсаты – Жоғарғы Раданың кезекті сайлауын қадағалау. "Бұл туралы Киевтегі сайлау учаскесінде Президеттің жары Мария Порошенко мәлімдеді", - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Петр Порошенко қазір Донбасста. Ел басшысының ондағы мақсаты – Жоғарғы Раданың кезекті сайлауын қадағалау. "Бұл туралы Киевтегі сайлау учаскесінде Президеттің жары Мария Порошенко мәлімдеді", - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Күйеуім қазір Донбасста. Ол сайлау барысын қадағаламақшы" , - дейді Мария Порошенко сайлау соңында. Дей келе, ол Петр Порошенконың да міндетті түрде дауыс беретіндігін айтып қалды. Демек, Президент Киевке сағат 20.00 дейін келеді деген сөз.
Бұл ақпаратты Facebook парақшасы арқылы Украина президентінің өзі де растап отыр. "Донбассқа келгендегі себебім, тұрғылықты халық пен әскерлердің еркін қимылдауларын қадағалау", - деп жазыпты ол.

Естеріңізге сала кетейік, сайлауға барлығы 29 партия қатысуда. Сайлау туралы заңға сәйкес парламентке 450 халық депутаты іріктелініп алынуы тиіс. Алайда биылғы сайлауда бұрынғыдай емес, уақытша басып алынған Қырым, Севастополь секілді аймақтарда орналасқан 12 мажоритарлық округтерде дауыс беру науқаны өтпеген. Сол себепті Радаға 450-дің орнына 423 депутат өтетін болады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Қырым мен Севастопольді айтпағанда жалпы республика бойынша 213 округ жасақталып, онда барлығы 32 мың сайлау учаскесі жұмыс істеп жатса, ал әлемнің 72 еліндегі 112 сайлау учаскесінде Украинаның азаматтары дауыс беруқұқығына ие болып отыр. Атап айтқанда Ресейде 6, Германияда 5, АҚШ, Польша мен Италияда 4 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Ал Донецск облысындағы 21 округтың 9-ында, Луганск облысындағы 11 округтың 6-да сайлау мүлде өткен жоқ. "ОПОРА" МҚ мәліметі бойынша Донецск пен Луганск облыстарында дауыс беруге құқылы 5,07 миллион тұрғынның 2,8 миллионы сайлауға қатыса алмаған.

Ал Қырым мен Севастопольде тұрып жатқан Украина азаматтары партиялық тізіммен сайланатын кандидаттарға елдің материктік бөлігінде жеңілдетілген процедура негізінде дауыс бере алады. Мұндай жеңілдікті Донецск пен Луганск облысы тұрғындары да пайдалануда.

Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігі таратқан мәліметке қарағанда, аталған облыста сағат 10.00 жағдайы бойынша 1047 сайлау уческесі жұмыс істеуде, яғни жоспарланған уческелердің 96-сы ашылған. Қалған 4-еуінің ашылмауының себептері әртүрлі. Соның ішінде учаске комиссияларының жиналмай қалу себебі де бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети