ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2021 | 16:03
Пашинян Армения Қарулы күштерінің бас штаб басшысын қызметінен босатты
Никол Пашинян Бас штаб басшысы Оник Гаспарянды қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Никол Пашинян Бас штаб басшысы Оник Гаспарянды қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз қиын жағдайға тап болдық, мен кеше, бүгін бас штаб басшысының бірінші орынбасары мен бастығын қызметінен босату туралы шешім жасадым, яғни мен құжаттарға қол қойғаннан кейін бас штаб менің отставкаға кетуімді талап ететін мәлімдеме жасады", - деді Пашинян.
Бұған дейін Армения Қарулы күштерінің бас штабы Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен еді. Оник Гаспарянның айтуынша, Армения "сыртқы саясаттағы елеулі қателіктерге" байланысты "құрдымға кетіп барады".
Армения оппозициясы да Ереван көшелерін оқшаулап жатыр. Наразылық білдірушілер Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также