1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті 25 ақпан 2021, 15:37

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол қойған мәлімдемеде Пашинян мен оның үкіметі елдегі қазіргі дағдарыс кезеңінде барабар шешімдер қабылдауға қабілетсіз екені айтылған.

"Армения Қарулы күштері ұзақ уақыт бойы қолданыстағы биліктің әскерге қарсы шабуылдарына шыдап келді, бірақ бәрінің шегі бар. Армения Қарулы күштері міндеттерін абыроймен орындады, халықпен бірге жаумен шайқасты. Қазіргі биліктің тиімсіз басқаруы мен сыртқы саясаттағы елеулі қателіктер елді құрдымға әкетіп барады", - делінген хабарламада.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Қарулы күштер Пашинян мен үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Ал Пашинян армян әскери күштерінің мәлімдемесін төңкеріс бастау әрекеті деп атады. "Біздің барлық жақтасымызды дәл қазір Республика алаңына шақырамын. Жақын арада мен тікелей эфирде үндеу жасаймын", - деп жазды ол Facebook-те.

Осы уақытта Пашинянның отставкаға кетуін талап ететін оппозиционерлер Еревандағы бірқатар көшені жауып тастады. Наразылық шарасын ұйымдастырушылардың бірі, "Дашнакцутюн" партиясының жастар одағының өкілі журналистерге шеру Пашинян отставкаға кеткенге дейін жалғасатынын айтты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, акцияның екі қатысушысы полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында Пашинян Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванда наразылық акциялары басталған. Оның кетуін талап еткен оппозициялық күштер ел үкіметінің бұрынғы басшысы Вазген Манукянды премьер орнына ұсынған. Сөйтіп желтоқсанның соңында Пашинян 2021 жылы кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы ақылдасу үшін өзіне саяси күштерді шақырды. Алайда оппозиция өкілдері оның премьер-министр қызметінен сайлауға дейін кетуін талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!