25 ақпан 2021 | 16:49

Пашинян Арменияда мәлімдеме жасау үшін алаңға шықты

Фото: primeminister.am

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеме жасау үшін Еревандағы Республика алаңына шыққан жақтастарына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Пашинян "Арменияның ішінде жау жоқ" екенін айтып, өзекті мәселелерді талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеме жасау үшін Еревандағы Республика алаңына шыққан жақтастарына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Пашинян "Арменияның ішінде жау жоқ" екенін айтып, өзекті мәселелерді талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Пашинянның үндеуі оның Facebook-тегі парақшасында көрсетіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Пашинян отставкаға кетуін талап еткен әскери қызметшілердің реакциясын қызуқандылық деді.

Сондай-ақ, ол Армения Қарулы күштері халық пен үкімет басшысына бағынатынын және қазіргі елдегі жағдайды басқаруға болатынын айтты.

"Сіздер ақпараттық террорға үйреніп қалды деп үміттенемін. Әр түрлі қауесет тарайды, ұшақ дайындап қойды дейді, қашуға дайынбыз дейді. Біз мұнда не болса да Отанды тастамаймыз. Менің отбасым осында", - деді Пашинян.

Бұған дейін Армения Қарулы күштерінің бас штабы Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен еді. Оник Гаспарянның айтуынша, Армения "сыртқы саясаттағы елеулі қателіктерге" байланысты "құрдымға кетіп барады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная