Пашинянның жалғыз ұлы Қарабаққа аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пашинянның жалғыз ұлы Қарабаққа аттанды Никол Пашинян ©REUTERS

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның жалғыз ұлы Таулы Қарабаққа аттанды. Бұл туралы оның жары Анна Акопян айтты, - деп хабарлайды Sputnik Армения.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның жалғыз ұлы Таулы Қарабаққа аттанды. Бұл туралы оның жары Анна Акопян айтты, - деп хабарлайды Sputnik Армения.

Никол Пашинян мен Анна Акопянның жалғыз ұлы мобилизация резервінің құрамымен кетті.

"Мен оған: "Иә, балам, формаңды ки де, бар. Мен сені жақсы көремін, бірақ еліңді қорғағаннан артық нәрсе жоқ" дедім. Бұл жердегі жағдай қандай боларын және ол жерде байланыс бола ма, жоқ па білмедім. Қазір оның ұрыс майданына баруы қажет те емес екені белгілі болды, бірақ менің сөздерім өмір бойына сабақ болды", - дейді Акопян. 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети