Пашинянның жары әйелдер жасағымен Қарабаққа аттанады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пашинянның жары әйелдер жасағымен Қарабаққа аттанады Көрнекі сурет

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның әйелі Анна Акопян Таулы Қарабаққа "отанының шекарасын қорғауға" баратынын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Акопянның сөзінше, ол және тағы 12 әйел бірнеше күн бойы әскери жаттығу жүргізіп, артынша жасақ Қарабаққа кетеді. 

"Бірнеше күннен кейін біз шекарамызды қорғауға аттанамыз. Біз отанымыз бен қадір-қасиетімізді жаудың қолына беріп қоймауымыз керек", - деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін Никол Пашинянның жалғыз ұлы Қарабаққа аттанатыны хабарланған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети