Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 2022 жылы 8 қыркүйекте 96 жасында Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Королеваны жерлеу және басқа да шаралар алдын ала дайындалған "Лондон көпірі" операциясы жоспарында қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 2022 жылы 8 қыркүйекте 96 жасында Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Королеваны жерлеу және басқа да шаралар алдын ала дайындалған "Лондон көпірі" операциясы жоспарында қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Патшайым II Елизавета қайтыс болғаннан кейін Ұлыбританиядағы аза тұту шараларының шартты жоспары "Лондон көпірі" операциясы деп аталады. Ол 1960 жылдары дайындалған және содан бері үнемі жаңартылып отырады. Оған үкіметтің, Англия шіркеуінің, полицияның, армияның, бұқаралық ақпарат құралдарының, астана әкімшілігі және Лондон көлігі әрекеті кіреді.
Қайтыс болған күн
Операцияға сәйкес, Елизавета патшайымның жеке хатшысы сэр Эдвард Янг қайғылы жаңалықты жариялаған бірінші ресми адам болды. Осыдан кейін Янг үкіметтің басқа мүшелеріне, Құпиялық кеңес мүшелеріне, елдің жоғарғы басшылығына, оның ішінде Қарулы Күштерге хабар бермес бұрын, премьер Лиз Трасспен байланысқа шыққан.
Олардың бәріне бірдей хабарлама барады: "Бізге Мәртебелі Королеваның қайтыс болғаны туралы хабарланды. Сақтық қажет". Жоспар 1960 жылдары жасалғаннан бері "Лондон көпірі құлады" коды Королеваның өлімін сипаттау үшін қолданылады деген қауесет тараған, бірақ Букингем сарайы оны пайдаланды ма белгісіз.
Тұрғындар монархтың қайтыс болғанын білген бойда елде қаралы кезең басталады. Ол 10 күнге созылады. Осы уақытта жерлеу рәсімі дайындалады.
Король отбасының веб-сайты Мәртебелі патшайым қайтыс болғанын растайтын қысқа мәлімдеме бар қара бетке ауыстырылды. Барлық мемлекеттік сайттарға қара баннер қосылып, профильдік суреттер ведомство елтаңбасына ауыстырылған. Үкіметтің әлеуметтік желілердегі парақшалары мен министрлердің кез келген жазбаларына саяси технологтар қол қоюы керек және премьер-министр бірінші болып сөйлемейінше, жария мәлімдемелерге рұқсат етілмейді, ал Лиз Трасс мұны жасап қойды.
Королева қайтыс болғаннан кейін Парламент кері шақырылып, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияның заң шығарушы органдары жабылған.
Қазадан кейінгі екінші күн
Патшайым Шотландиядағы Балморалда қайтыс болғандықтан, "Мүйізтұмсық" операциясы іске қосылады - оның денесі Лондонға корольдік пойызбен жеткізіледі. Жол бес сағаттан аса уақытты алады. Орындалмаса, "Қадағалау" операциясы басталады – табыт ұшақпен тасымалданады. Премьер-министр мен министрлер табыттың кездесуіне орай салтанатты қабылдауға қатысады.
Королеваның балалары оның табытының төңірегінде "Ханзадалар күзеті" деп аталатын шара өткізеді деп күтіледі. Сонымен қатар, жұртшылық өкілдеріне құрмет көрсету үшін патшайымның табытының жанынан өтуге рұқсат етіледі.
Қазадан кейінгі алтыншы күн
"Қауырсын" операциясы бойынша, Королева үш күн бойы Вестминстер сарайында болады. Оның табыты күніне 23 сағат ашық болатын Вестминстер Холл орталығындағы биік платформаға қойылады. VIP-персоналарға жеке қоштасу үшін билеттер беріледі.
Монарх қайтыс болғаннан кейінгі алтыншы күні мемлекеттік жерлеу рәсімінің репетициясы өтеді.
Қазадан кейінгі оныншы күн
Королеваны жерлеу күні ресми демалыс күні болмаса да, "Ұлттық аза тұту күні" болады.
Королеваның мемлекеттік жерлеу рәсімі Вестминстер аббаттығында өтеді. Түсте республика бойынша екі минуттық үнсіздік жарияланады. Элизабет Виндзор қамалындағы әкесі, король VI Георг мемориалдық капелласына жерленеді, күйеуінің сүйегі де сол жерге жеткізіледі.
Бұл ретте Чарльз ханзаданың тәж кию рәсімі қашан өтетіні белгісіз. Бірақ оның анасы VI Георг қайтыс болғаннан кейін төрт айдан кейін тәж киген болатын.
Еске салайық, 2022 жылдың 8 қыркүйегінде патшайым Елизавета II-нің денсаулығының нашарлағаны белгілі болды. Кейінірек Букингем сарайының баспасөз қызметі патшайымның Балморал сарайында қайтыс болғанын ресми түрде хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!