АҚШ-тың Пенсильвания штатында корейдің тансудо төбелес өнерінен сабақ беретін 29 жастағы мұғалім Майкл Щербаник балаларды азғындады және зорлады деп айыпталып жатыр. Ұсталып, қамауға алынған ол камераластарына зорланған балаларды өлтіруге тапсырыс берген, - деп хабарлайды Post-gazette.com.

Daily Mail мәліметінше, абақтыда жатқан кезінде экс-мұғалім алдағы уақытта болатын сот отырысында жәбірленуші балалар қарсы айғақ бермеуі үшін олардың біреуін өлтіруге оқталған делінеді. Бұл мақсатта ол, басылымның мәліметінше, жәбірленуші балалардың бірі тұратын үйдің картасын сызып, газы бар құтыны жаруға болатын жерде көрсетіп берген. Тапсырысты орындаушыға ол миллион доллар беруге уәде еткен. Сонымен қатар, кісі өлтірушіге ол тансудо сабақтарын тегін өткізетінін айтқан.
Еске салайық, бұрынғы мұғалім Щербаникке қатысты өткен жылдың маусымы мен шілдесінде 12 жастағы бала айғақ берген болатын. Щербаник сабақ беретін тансудо секциясына қатысып жүрген бала зорланғанын мәлімдеген. Осыдан кейін күдікті қамалған, алайда 9 мың доллар кепілақы беріп, босатылған.
Бұдан кейін қалған төрт бала мұғалімнің зорлағанын мәлімдеген. Күдікті қайтадан ұсталып, абақтыға қамалған. Изоляторда болған Щербаник камераластарына зорланған балалардың бірін өлтіруге тапсырыс берген-мыс.
Енді сот процесі 4 сәуірде басталады.