Пелоси Тайваньға сапарын "АҚШ-тың Тайвань демократиясын қолдауының" дәлелі деп атады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пелоси Тайваньға сапарын "АҚШ-тың Тайвань демократиясын қолдауының" дәлелі деп атады Фото: © AP Photo / J. Scott Applewhite

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT арнасына сілтеме жасап.

Пелосидің баспасөз қызметі өкілі сапар оның Тайваньға 25 жылдағы алғашқы ресми сапары екенін айтты.

"Конгресс делегациясының Тайваньға сапары қарқынды дамып келе жатқан Тайвань демократиясын қолдаудағы Американың ұмтылысын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мәлімдемеде бұл сапар "АҚШ-тың ұзақ жыл бойы жүргізген саясатына қайшы келмейтіні" және "АҚШ-Қытай коммюникесіне" сәйкес келетіні айтылған.

Еске салайық, бұған дейін Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети